Педагогтердің конкурстық іріктеуі 2026
Құрметті педагогтер және соңғы курс студенттері, магистранттары, докторанттары! Сіздерді дарынды және талантты балаларды оқытатын қазақстандық және шетелдік мұғалімдердің бірегей қауымдастығында қызметке шақырамыз. Конкурстық іріктеу 2026 жылдың сәуір, маусым және тамыз айларында өткізіледі. Тіркелу бойынша ақпарат қосымша жарияланады.
Зияткерлік мектептердегі жұмыс

Дарынды және талантты балаларды Халықаралық Мектептер Кеңесінде аккредиттелген мектептерде үш тілде NIS-Programme білім беру бағдарламасы бойынша оқыту. Мұғалім-практик, білім беру саласындағы сарапшы және басшы ретінде біліктілігін арттыру, оның ішінде Назарбаев Университетінің магистратурасында қызметін тоқтатпай оқыту.

Орталықтардағы жұмыс
Білім беру бағдарламалары орталығы

Орта білім мазмұнының әдіснамасын зерттеу және әзірлеу. Мектептерге арналған оқу бағдарламаларын, оқулықтарды әзірлеу және сараптау.


cep.nis.edu.kz

Педагогикалық өлшеулер орталығы

Білім берудегі бағалау бойынша зерттеулер жүргізу, педагогтердің, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың процедуралары мен құралдарын әзірлеу және сараптау.

cpi-nis.kz

Педагогикалық шеберлік орталығы

Педагогтердің кәсіби дамуын зерттеу, халықаралық деңгейде аккредиттелген авторлық бағдарламалар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру.


cpm.kz

NIS Ақпараттық технологиялар және қызмет көрсету орталығы

Зияткерлік мектептерді техникалық қамтамасыз ету және сервистік қызмет көрсету.


cits.nis.edu.kz

-
-
Жиі қойылатын сұрақтар
Зияткерлік мектепте қызметке қалай орналасуға болады?

Зияткерлік мектепте педагог болып қызметке тұру үшін конкурстық іріктеуден өту керек. Толық ақпарат «Педагогтердің конкурстық іріктеуі» бөлімінде.

Ашық бос жұмыс орындары болмаса түйіндемені қалай тапсыруға болады?

«Бос орындар» бөлімінің төменгі жағында түйіндемені электрондық поштаға жіберуге болады.

Зияткерлік мектептердегі мансаптық өсу қандай?

Зияткерлік мектептерде мансаптық өсу үш бағытта жүзеге асырылады:
• горзонталды – педагогикалық шеберліктің 6 (алты) деңгейі бойынша оқыту тәжірибесін дамыту: тәлімгер → мұғалім → модератор → сарапшы → зерттеуші → шебер;
• вертикалды – басқару дағдыларын дамыту: әдістемелік бірлестік жетекшісі → директордың орынбасары → директор және т.б.;
• диагоналды – ғылыми-әдістемелік дағдыларды дамыту: білім беру бағдарламасы, бағалау бойынша әзірлеуші → модератор → сарапшы;

Мұғалімдердің конкурстық іріктеуіне кім қатыса алады?

Педагогтердің конкурстық іріктеуіне конкурсқа өтінімді уақтылы толтырған, жоғары арнаулы педагогикалық, тиісті бағыт бойынша кәсіптік немесе техникалық білімі бар тұлғалар және жоғары оқу орындарының соңғы курс студентері мен магистранттары қатыса алады.

Конкурстық іріктеу қандай педагогикалық лауазымдарға жүргізіледі?

Конкурстық іріктеу келесі лауазымдарға жүргізіледі: педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы-куратор, қосымша білім беру педагогі, жатақхана тәрбиешісі, жатақхана тәрбиешісінің көмекшісі, педагог-кітапханашы, хореограф, музыкалық-көркемдік жетекші.

Басқа қалада орналасқан Зияткерлік мектепке өтінім тапсыра аламын ба?

Иә, сіз басқа қалада орналасқан мектепке өтінім тапсыра аласыз және Сіз орналасқан қалада конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінен (компьютерлік тестілеуден) өте аласыз. Конкурстық іріктеудің екінші кезеңін (сұхбат) қызметке орналасатын мектепте өту керек.

Тестілеу қандай пәндер бойынша жүргізіледі?

Мұғалім лауазымына үміткер үшін тестілеу бейіндік пәндер бойынша, басқа лауазымдар үшін үміткердің таңдауы бойынша дипломына сәйкес бейіндік пән бойынша немесе «білім беру психологиясы» пәні бойынша жүргізіледі.

Жоғары оқу орнының оқытушысы, педагогикалық тәжірибесі мол ұстаз Зияткерлік мектепке қалай қызметке орналасады?

Біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар (педагогикалық жұмыс тәжірибесі, кәсіби жетістіктері, білім деңгейі, ғылыми-зерттеу және тілдік құзыреттіліктері) сырттай сараптамалық қорытындыға сәйкес ДББҰ Басқармасының шешімімен «мұғалім-модератор» және одан жоғары педагогикалық шеберлік деңгейге конкурстан тыс негізде қабылдануы мүмкін. Бір жылдан кейін аттестацияда растайды.

Педагогикалық тәжірибесіз Зияткерлік мектепке қызметке тұруға бола ма?

- конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша педагогикалық өтілі 2 (екі) жылға толмаған үміткер мұғалім-тәлімгер деңгейіне қабылданады;
- педагогикалық өтілі 2 (екі) жыл және жоғары үміткер мұғалім деңгейіне қабылданады. - педагогикалық өтілі 2 (екі) жылға толмаған үміткер келесі критерийлердің біріне сәйкес келген жағдайда мұғалім деңгейіне қабылданады:
1) IELTS 5.0 сертификаты бар магистратура түлегі (ағылшын тілі пәні бойынша IELTS 6.0);
2) Назарбаев Университетінің немесе «Болашақ» бағдарламасының бакалавриат немесе магистратурасының түлегі;
3) Профиль бойынша халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпазы немесе жүлдегері болып табылатын бакалавр немесе магистратураның түлегі.

Мемлекеттік білім гранты бойынша білім алған магистрант Зияткерлік мектепте жұмыс істей ала ма?

Иә, мемлекеттік білім гранты бойынша білім алған магистратура түлегі Зияткерлік мектепте мемлекеттік жалпы білім беретін мектептермен тең дәрежеде жұмыс істей алады.

Зияткерлік мектепте жұмыс істеп жүріп магистратурада оқуға бола ма?

Иә, Зияткерлік мектептер қызметкерлерінің Назарбаев Университетінің магистратурасында жұмыстан қол үзбей оқуға бірегей мүмкіндігі бар.

Зияткерлік мектептер мен Орталықтардың қызметкерлері корпоративтік жаңалықтарды қалай біле алады?

Корпоративтік жаңалықтармен танысу үшін порталдың жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» түймесін басу арқылы қызметкердің корпоративтік аккаунтына кіру керек.